Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов және қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері су басу қаупі бар аймақтарды аралап өтті. Қаратал өзенінің арналары мен көпір өткелдері мұқият бақылауға алынып, қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды.
Қазіргі таңда қала бойынша жағдай тұрақты бақылауға алынған. Бұған қарамастан, су басу қауіпі бар аймақтарда сақтық шаралары күшейтілген.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда көпір өткелдері мен каналдардың арналарын кеңейту және қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі