Өнер майталманымен кездесу өтті

101

Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы, республикалық өнер саласындағы «Umai-2023» конкурсының жүлдегері — Алмахан Кенжебекованың 75 жасқа толуына орай «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» атты кездесу кеші өтті.

 Талдықорған қалалық орталық кітапханалар жүйесі ғимаратындағы  көптеген республикалық байқаулардың жүлдегері, Бикен Римова атындағы Талдықорған   драма театрының 1975 жылы тұңғыш театр шымылдығын ашқан әртіс, өнер қайраткері — Алмахан Кенжебекованың өмірі мен өңбек жолын көпшілік оқырманға насихаттауға арналған кездесу  өте қызықты болды.

 Алмахан Кенжебекова балаларға өнер жолына қалай келгені туралы, шығармашылық жетістіктері жайлы әңгімелеп берді. Оқырмандар сұрақтарына тұщымды жауап алды.  Бұл шараның мақсаты — өлкемізден шыққан өнер қайраткерінің өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыра отырып, қазіргі  жастарды  өнерді сүюге, қадір тұтуға, патриоттық  рух бере отырып, адамгершілік  қасиеттерге  баулу табылады.

                                                                                                   Айгүл Қадырова,

                                   Талдықорған қаласындағы  учхоз (ЗВТ) № 8 кітапхана

                                                                                 филиалының кітапханашысы

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз