Қала әкімі «Жанұя» орталығы жұмысымен танысты
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектердің әрбіріне психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ отбасы институтын жан-жақты қолдап, қысқа мерзімді оқу курстарын ұсынатын мекеме.
Осыған орай, қала әкімі орталықта жаңа өмір бастап, әртүрлі санаттағы көмек алып, оқу курстарынан өтіп жатқан қыз-келіншектермен тілдесіп, уақытша пана бөлген аруларымызға әрқашан...
Майдангердің жауынгерлік жолы
4 жылға созылған соғыс қаншама қайғы мен қасірет әкелді. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранда аналардың құрғамаған көз жасы, әкесіз өскен баланың мұңы жатты.
Кеңес кезіндегі Отан үшін болған майданда әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жанқиярлық көзсіз ерліктің арқасында жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған ...
Талдықорған қалалық соты коуч-тренерге қатысты іске шешім шығарды
«Қалай бай өмір сүру керек» немесе «Тендерге қатысып миллион табыңыз», біз бәріміз күн сайын әлеуметтік желілерде осындай тақырыптағы әртүрлі курстар мен тренингтердің әдемі жарнамаланғанын көріп жүреміз.
Алайда, мұндай курстар әрдайым үмітті ақтамайды, көбінесе қазақстандықтар курстың сауатсыз және сапасыз оқуына кездесуде. Мұндай жағдайға Жетісу облысының, сондай-ақ Алматы, Қостанай облыстарының және Астана қаласының тұрғындары Талдықорған қаласындағы "Я" жеке кәсіпкерінен 20-ға жуық тұтынушы...
«Дарын» байқауының жұлдыздары
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас өнертапқыштары Ақтөбеде өткен «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болды.
Байқауға Ақпараттық жүйелер, ғылым және техника, қолданбалы математика, Қазақстанның тарихи ескерткіштерін зерделеу және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, еліміздің жалпы білім беретін мектептері оқушыларының 500-ге жуық жобасы қатысты.
Мектеп оқушылары екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Ақжол Болат пен Рамиль Имашев...
Өмір жолы — үлгі
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметшісі Ербол Әбділдаев - шекарашылар қатарында үздік маман атанған жан. Ол Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылының тумасы. 1975 жылы мектеп табалдырығын аттап, он жыл бойы білім нәрімен сусындады. Жасөспірім шақтан еңбекке деген құлшынысы мен жауапкершілігі ерекше болды. Кеңес Одағы кезінде Түркіменстанда әскери борышын өтеді. Әкесінің «Ер...
Қызметі мен бірлігі жарасқан ұжым
Панфилов ауданы Жаркент қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі орналасқан. Инженерлер мемлекеттік шекараны күзетудің және қорғаудың сенімділігіне тікелей ықпал ететін шекараны инженерлік және техникалық қамтамасыз етуде орны ерекше. Сонымен қатар, инженерлік техникалық қамтамасыз ету бөлімі техникаларға қызмет көрсету, көпірлер мен су құбырларын орнату, электро жүйелерін, жол жасау, сондай-ақ автокөлік құралдарына, инженерлік...
«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.
«Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», –...
Талдықорғанда 30 отбасы баспаналы болды
Бүгін Жетісу облысында халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 30 отбасы жаңа үйлі болды. Талдықорған қаласындағы «Жастар - 3» жаңа тұрғын ауданынан берілген үйлердің кілтін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында кезектегі 102 отбасы жаңа баспанаға кірді. Атап айтқанда, «Береке» коттедж қалашығының, «Жастар-3» тұрғын алабында әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар мен көп балалы отбасылар үйлі...
Қосылған құн салығынан босатылған импорттық шикізат және материалдар тізімі кеңейтілді
Жаңартылған тізімге 145 шикізат пен материал түрі кіреді. «Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және материалдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына толықтырулар енгізілді.
Тізімге қосымша енгізілді:
— марганец кендері мен концентраттары, оның ішінде безді марганец кендері және құрғақ өнімге есептегенде массасының 20% немесе одан да көп марганец бар концентраттар;
— бейметалдардың...
Талдықорғандық кәсіпкер спорттық киім тігіп жеке брендін дамытуда
Талдықорған қаласында жеке кәсіп ашып, ісін сәтті дамытып жүрген кәсіпкерлер саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде талды қаламызда 18 мыңнан аса шағын және орта бизнес нысандары бар. Олардың қатарында кәсіпкерлік саласында жоғары жетістікке жетіп жүргендер көп.
Солардың бірі - «Жанар» брендімен спорттық киімдер тігіп, өз ісін өркендетіп жүрген Жанар Доспанбетова. Ол 30 жылдан аса уақыт ине-жібін серік еткен шебердің бірі.
Ісмердің сөзінше,...




























