«Alempay» картасынан бірыңғай ONAY! картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі
1 қазанға дейін басқа оператордың карталарын «Бірыңғай» ONAY! картасына айырбастау тегін негізде жүргізіледі. Карталарды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет, жол ақысын қалай төлеу, карталарды толтыру туралы ақпарат компанияның сайтында onay.kz және әлеуметтік желілерде @onay.kz сайтында жаңартылып отырады.
Барлық өңірлердегі «Бірыңғай» картасының құны 800 теңгені құрайды. Колледж студенттері мен оқушылар үшін «Оқушы» картасын, «7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған» картасын...
Талдықорғанда «ONAY!» электронды төлем жүйесі іске қосылды
Талдықорғанда “Оңай” деп аталатын төлем жүйесі барлық қоғамдық көліктерде іске қосылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары Жеңіс Саятбекұлы мәлімдеді.
«Оңай» жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс орын алмақ. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға, қаладағы қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын біртіндеп жаңартуға...
Тұрғындардың 60%-ы референдумға қатысуға ниетті
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.
Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның...
Пара спортшылар Парижге аттанды
XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың алғашқы легі Парижге аттанды.
Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты.
«Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері...
Жаңа оқу жылына дайындық
Білім беру ұйымдарында оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 316 мектеп, 91 мемлекеттік балабақша және 21 колледж 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда мемлекеттік білім беру ұйымдарының бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына тіркелген. Облыс бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Дабыл түймелері» орнатылып, жергілікті полиция басқармаларының кезекші бөліміне қосылды. Осы және өзге де жаңалықтар легімен баспасөз мәслихатында облыстық білім бөлімінің...
«Tomiris» — көшбасшылық дағдыны дамыту
«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Jetisu jastary» КММ ұйымдастыруымен Жетісу облысының көшбасшы әйелдерін оқыту бойынша «Tomiris» жобасы өтті. Жобаның басты мақсаты - әйелдердің облыстық саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы әйел азаматтарының әлеуетін арттыру, саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тарту мүмкіндігін кеңейту.
Жоба аясында облысымыздың белсенді 50 азаматшасының қатысуымен олардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға арналған 5...
Жетісу облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеудің соңғы кезеңі өтті
Бүгін Жетісу облысында өңірлік кадрлық резервке іріктеудің қорытынды кезеңі өтті. Өңірлік кадрлық резерв комиссиясының құрылымдық сұхбатына алдыңғы кезеңдерден оң баға алған 32 азамат жіберілді.
Іріктеу кезеңдерінен өтіп, қорытынды сатыға жеткен үміткерлерді облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады.
- Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде тұңғыш рет әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадр резервтерін қалыптастыру жобасы басталды. Жобаның негізгі мақсаты –...
Білім берудегі цифрлық инновациялар
Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Оқу жұмысы үш мәселеге тіреледі: бірі – қаражатқа, бірі – құралға, бірі – мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу ауытқымай, түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағанда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты, орнықсыз» - деген екен. Ағартушының осыдан бірнеше уақыт бұрын айтқан бұл тұжырымы мемлекетіміздің білім беру саласындағы саясатының негізгі бағыты десек, артық емес....
«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды
Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыздағы дәстүрлі басқосуы өз мәресіне жетті. Талқылаудың негізгі тақырыбы оқу үдерісін цифрландыруға және сабақ беру процесіне әлемдік тәжірибені ескере отырып, жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды. Назарбаев Университетінің базасында өткен отырыстың пленарлық бөлігіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрлері, ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев...
Қан айналымы жүйесі ауруларының саны артуда
Қан айналым жүйесінің аурулары еліміздегі әлеуметтік мәні бар аурулар болып табылады және адамдардың өмір сүру ұзақтығының төмендігі мен өлім-жітімінің жоғары болуының негізгі себептерінің бірі. Облыстық кардиологиялық орталық - өңірдің медицина саласындағы маңызды стратегиялық нысаны, ІІІ деңгейдегі облыстағы жалғыз тері арқылы коронарлық араласу орталығы болып есептеледі, құрамында облыстың ересек халқына мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін кардиологиялық, интервенциялық және кардиохирургиялық...





























