Шекарашылар «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

22

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Осы ретте ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобы «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысты.
Аталған акция аясында шекарашылар бөлімшенің аумағы мен оған іргелес көшелерді тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру. Әскери қызметшілер өз еңбектерімен ел азаматтарын табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақыруды көздеді.
Осындай бастамалар экология мәселелеріне қоғам назарын аударуға және табиғатты қорғау шараларын кеңінен насихаттауға ықпал етеді. Сонымен қатар, шекарашылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігі олардың патриоттық ұстанымын және азаматтық белсенділігін көрсетеді.
«Таза Қазақстан» акциясы жыл сайын өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Бұл игі іске шекарашылардың да белсене қатысуы олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін және жауапкершілігін айқындайды.

                               ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз