Шекарашылар экомәдениетті насихаттайды

24

Қоршаған ортаның тазалығы – қоғамның денсаулығы мен болашағының кепілі. Осыған орай, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы мен оған қарасты «Іле», «Қарақұм», «Ынталы», «Қорғас», «Басқұншы», «Алмалысу» және «Көксу» шекара бөлімшелерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық мәдениетті насихаттауға және табиғатты қорғауға бағытталған бұл шара барысында шекарашылар өз бөлімшелерінің аумағын, сондай-ақ оларға іргелес аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға жеке құрам белсенді атсалысып, айналаны қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты.
Шекарашылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтып, табиғатты аялауға деген жауапкершілікті арттырады. «Біз ел шекарасын ғана емес, туған жеріміздің тазалығын сақтауға да жауаптымыз. Бұл біздің табиғатқа деген қамқорлығымыздың бір көрінісі», – дейді іс-шараға қатысушылар.
«Таза Қазақстан» акциясы жыл сайын ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінде экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Шекарашылардың осындай бастамаларға белсене қатысуы олардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаны аялау мен тазалықты сақтау жолындағы жауапкершілігін көрсетеді.

                                     ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз