Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасына вайп пен электрондық темекіні әкелуге қатаң тыйым салынатынын хабарлайды.
ҚР ҚК-нің 301-1-бабының 2 және 3-тармақтары бойынша ВЕЙПТЕРДІ әкелгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтарды әкелу, өндіру — екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, мүлкі тәркіленіп немесе тәркіленбей бас бостандықтарынан айырылады.