-3.4 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 2 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 286

«Абай әлемі» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында қазақ халқының ұлы ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арнап «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің  бірлесіп ұйымдастыруымен  «Абай әлемі» атты қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға 15-22 жас аралығындағы қалалық колледждердің 9 студенті...

Маңдайалды жетісулық шекара бөлімшесі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Жетісу» шекара бөлімшесінің тарихы тым тереңде. Негізгі бастауын өткен ғасырдан алады. Жылнамасы бірнеше жылға созылатын әскери ұжымды мамандығына адал қызмет еткен офицерлер басқарды. Қазіргі кезде «Жетісу» шекара бөлімшесіне аға лейтенант Мадияр Шәріпбек басшылық жасайды. Бұған дейін бірнеше лауазымды абыроймен атқарған шекарашы офицер бөлімшенің қырағы қызметін жоғары деңгейде жалғастыруда. Мемлекеттік шекараны заңсыз бұзуға талпынған...

Жетісулық шекарашылар сынақ тапсыруда

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы бақылау-тексеру сабақтарын тапсыруда. Аталған сынақ жыл сайын ұйымдастырылады. Мақсаты - шекара сақшыларының кәсіби білімдері мен спорттық деңгейлерін тексеру. Бақылау-тексеру сабақтарында әр әскери қызметші бірнеше сұрақтардан тұратын түрлі пәндерден тестілеуден өтеді. Сонымен қатар, жауынгерлік қарудан атып, спорттық нормативтер тапсырады. Сынақ соңында әр шекара сақшысының көрсеткен нәтижесіне сәйкес, бөлек-бөлек баға қойылатын болады. ҚР ҰҚК Шекара...

Ұрпақ тәрбиесі – әкеге міндет

Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында «Менің әкем – жақсы адам» атты әкелермен кездесу өтті. Жиын барысында бала тәрбиесіндегі заманауи тенденциялар мен ұлттық құндылық, білім берудің тиімді жолдары, ата-ана, бала, мұғалім үштігі сынды тақырыптар талқыланды.  «Әдеп-құқық жөніндегі ментор» жобасының менторы Бахтияр Уалиханұлы, мектеп басшысы Қарлығаш Замзина, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Қожекенова мен «Ұлағат»  әкелер кеңесінің төрағасы Нұхфулла...

Астанада Жетісу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы 2024 жылдың 12-13 қазан күндері Астана қаласында Жетісу облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізетіндігін хабарлайды. Өтетін орны және сағаты: «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы алаң, сағат 8.00-ден басталады.

WALS-2024: Қазақстанның ашық сабағы

Астанада өткен World Association of Lesson Studies басты конференциясы Қазақстанның ашық сабағы атанды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының беделді халықаралық форумы өтті, WALS штаб-пәтері Астанада бес күн жұмыс істеді, ал Қазақстанның астанасы бір мезетте әлемдік білім берудің астанасына айналды. Педагогикалық шеберлік орталығы WALS эстафетасын 2023 жылдың қарашасында Нидерландыда қабылдады. Қазақстандық форум Дүниежүзілік Lesson Studies қауымдастығының географиясын кеңейтіп, Астанада әлемдік педагогиканың жұлдыздарын жинады....