дереккөз

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өткізілді.
Байқауды партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, әділқазылар  алқасының  төрағасы А.Жазықбаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан байқаудың берері көп. Қаламыздың бастауыш партия ұйымының  төрағалары бұған дейін  де  айтулы асуларды бағындырған болатын. Атап айтсақ, 2018 жылғы байқаудың  облыстық кезеңінде  «Парасат» бастауыш партия ұйымы 2 орынға қол жеткізді.  2017 жылғы байқауда «Жарық» бастауыш партия ұйымы облыстан  бірінші орынды  иеленіп, республикалық кезеңнен «Өрлеу» номинациясының иегері атанып қайтқан болатын.

Бұл байқау бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандырып, үздіктерді анықтау  мақсатын көздейді. Олардың жұмыс тәжірибелерін аймақтарға тарату. Партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді БПҰ төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру болып табылады,-дейді Аманжол Жазықбаев.

 Талдықорған қалалық партия филиалына қарасты 28 бастауыш ұйымдарының  2018-2019 жылдары аралығында атқарған жұмыстары, бағдарламалық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша алдын ала іріктеу өткізіліп, 11  бастауыш партия  ұйымдары қалалық кезеңге жолдама алыпты.  Арнайы құрылған  комиссия мүшелері  ұйым жұмысын көрсетілген талапқа сай саралады.

Дереккөз

Нәтижесінде,  «жүзден жүйрік шыққан»   «Ақпарат», «Парасат», «Болашақ» бастауыш партия ұйымдары  үздік деп танылып,  бірінші орынды иеленді. Олар облыстық кезеңге жолдама алды.

Ал  «Қазақтелеком», «Береке», «Сенім» ұйымдары  2- орынға лайық деп танылды.  «Шипагер», «Білім» бастауыш ұйымдары  3-орыннан көрінсе, «Өрлеу» номинациясын «Әлеумет» пен «Өнер» БПҰ  иеленді. Жүлдегерлерді  Алматы  облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров және де әділқазылар алқасының мүшелері  құттықтады.  Оларға  бағалы сыйлық пен дипломдар табысталды.

Шара соңында сөз алған  «Парасат» бастауыш ұйымының төрағасы Ерхат Биғалиұлы байқауды  ұйымдастырушыларға өз  ризашылығын білдірді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK