Облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

 

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Абылай Жорабекұлы Құлтұрсынов облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Абылай Жорабекұлы Құлтұрсынов

1994 жылы туған, білімі жоғары. Сулейман Демирель атындағы университетті «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы Бизнес Ассоциациясының құқықтық көмек көрсету қызметі бойынша маманы болып бастаған. Әр жылдарда «Астана қаласы кәсіпкерлерінің палатасы» қоғамдық жұмыстар өту кезіңдегі әкімшілік тосқауыл мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің заңгері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің мұрағатшысы, Әділет министрлігі Заңнама департаменті Үйлестіру және қосалқы жұмыс басқармасының, Заң жобалау қызметін үйлестіру басқармасының сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Жетісу облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, сыртқы байланыстар және протоколдық іс-шаралар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2023 жылдың тамыз айынан Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз