Балалар мен жасөспірімдер арасындағы теңгерімсіз тамақтанудың салдары
Балалар мен жасөспірімдер денсаулығының негізі олардың күнделікті тамақтану рационына тікелей байланысты. Теңгерімсіз тамақтану – бұл ағзаға қажетті дәрумендер, минералдар мен қоректік заттардың жеткіліксіз мөлшерде түсуі немесе артық мөлшерде қабылдануы.
Мұндай жағдай балалардың денсаулығы мен дамуында көптеген жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Дұрыс тамақтанбау балалардың физикалық дамуына тікелей әсер
етеді. Мысалы, ақуыздар мен кальцийдің жеткіліксіздігі сүйек және бұлшықет жүйесінің әлсіз дамуына әкеледі. Сонымен...
Ерте жүктілік — әлеуметтік мәселе
Ерте жүктілік өзекті әлеуметтік мәселе болып табылады, ол медициналық және әлеуметтік салдарларға әкеледі. Түрлі дәстүрлі құндылықтар ерте некеге тұру мен жүктілікке ықпал етуі мүмкін.
Ерте жүктіліктің себептері мыналар болып табылады.
1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар:
Төмен өмір сүру деңгейі мен репродуктивті денсаулық туралы ақпараттың
жетіспеушілігі жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктіліктердің себебі
болуы мүмкін.
2. Сексуалдық білімнің жетіспеушілігі:
Қазақстанда мектептерде сексуалдық білім беру көбінесе контрацепция мен
репродуктивті денсаулықтың барлық аспектілерін қамтымайды,...
Есірткінің салдары ауыр
Есірткіні қолданудың негізгі себептері: әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, есірткі қолданатын достардың ықпалы, ақпараттың жетіспеушілігі және психологиялық мәселелер. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдер проблемаларға жиі тап болып, есірткіге бой алдыруы мүмкін.
Сондай-ақ, топқа қабылдану үшін құрдастар қысымы да үлкен рөл атқарады. Есірткінің салдары ауыр: денсаулыққа зиян, оқу үлгерімінің төмендеуі, әлеуметтік оқшаулану және қылмыстық әрекеттерге әкелуі мүмкін. Оқушылардың денсаулығы мен болашағына кері әсерін...
2024 жылы жылу-электр энергетикасын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді
2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін 58,3 млрд теңге бөлінді.
Оның ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша алты жоба, электрмен жабдықтау бойынша сегіз жоба бар. Жобалардың бірі қазірдің өзінде іжұмыс істеп тұр, атап айтсақ, Орал қаласының «Ақжайық» ЕТЖҚ ауданында 110/10 кВ қосалқы станса пайдалануға берілді.
Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті...
Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50% жетті. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасты. Жаңа заманауи нысандар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларында қолданысқа берілді, - деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, білім беру саласында биыл облыста 1055 орынды 13 балабақша және оған қосымша 1461 орын ашу жоспарланған....
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «La Salle School» Малайзия мектебімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Куала-Лумпур қаласының «La Salle School» малайзиялық мектебімен әріптестік туралы Меморандумға қол қойып, халықаралық ынтымақтастыққа маңызды қадам жасады.
Бұл іс-шара әртүрлі елдердің оқу орындары арасында білім беру байланыстарын дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған «Серіктестік мектептер» жобасының бір бөлігіне айналды.
Меморандумның негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұлтаралық қарым-қатынас пен жаһандық азаматтықты дамыту болып табылады. Ынтымақтастық шеңберінде әртүрлі...
«Досыңды тамақтандыр» акциясы: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары иесіз иттерге көмектеседі
Соңғы жылдары «қаңғыбас» жануарлар мәселесі біздің қоғамда өзекті мәселеге айналды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мектептің «Үміт баспанасы» әлеуметтік жобасы аясында акция ұйымдастырып, осы мәселені шешуге өз үлестерін қосуды ұйғарды. Бұл бастама иесіз иттерге көмектесіп қана қоймай, оқушыларды, мұғалімдерді және мектеп қауымдастығын біріктірді.
Талдықорған NIS қабырғасында "Үміт баспанасы» әлеуметтік жобасы тоғыз жыл бойы жүзеге асырылып келеді, ол үйсіз үй...
Теориялық емтиханға қалай жазыламыз?
Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханға қалай жазылу керек? Толық ақпаратпен бүгінгі "Қысқа да нұсқа" айдарында бөлісеміз.
“Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы
Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Отандық өндірушілерді қолдау құралдарын күшейту арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және іскерлік белсенділікті күшейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны
Алдын ала бағалау бойынша осы жылдың 11...
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.
Олжас Бектеновтің айтуынша, биылғы қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайызды құраған. Экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4 пайыз), құрылыс (10,3 пайыз), сауда (8,2 пайыз), көлік (8,1 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,3 пайыз), соның ішінде металлургия (7,2 пайыз) және машина жасау (6,9 пайыз), химия...




























