Тәрбиелік тағылымды шара

201

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Достық» шекара бөлімшесінде 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті.
«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз» тақырыбында өткен кездесуге шекара бөлімінің жеке құрамы қатысты. Шара барысында өткен ғасырдың ең бір ауыр кезеңдері – 1930-1950 жылдар аралығындағы саяси репрессия мен ашаршылық туралы тарихи деректер негізінде сұхбат жүргізілді. Қатысушылар сол бір қайғылы жылдарда жазықсыз жапа шеккен ата-бабаларымыздың тағдырына ой жүгіртіп, олардың рухына тағзым етті.
Іс-шара аясында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар сол кезеңнің ауыр ахуалын көзбен көріп, жүрекпен сезінді. Сұхбат барысында патриоттық тәрбие мен тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Отан алдындағы борыш пен азаматтық жауапкершілік туралы тұшымды ойлар айтылды.
Мұндай іс-шаралар – жас сарбаздардың ел тарихына деген құрметін арттырып, ұлттық сана мен рухани тұтастықты нығайтудың маңызды бір тетігі болып табылады.

                                     ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз