ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының кітапхана бөлімі мен кәсіптік-техникалық дайындық бөлімі сарбаздарының қатысуымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби кеш өтті.
Шараның мақсаты – жастарды Абай мұрасымен сусындатып, ақыл мен парасатқа, сөз құдіретіне баулу. Кеш барысында ақынның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, Абай мен Құнанбай арасындағы шағын сахналық көрініс көрсетілді. Сондай-ақ, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» әндері орындалып, әдеби кешке рухани мән берілді.
Кешке, Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары Кәсіптік және техникалық дайындық бөлімі бастығы подполковник Ж.Байсаханов, кәсіптік және техникалық дайындық бөлім бастығының орынбасары подполковник А.Дарибаев, Жетісу облысы бойынша департаменті кадр бөлімі бастығының көмекшісі Ж.Үсенова және оқу орталығы бөлімінің сарбаздары қатысты.
Аталған шарада Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Жауынгерлер өз білімдері мен өнерлерін танытып, ұлы ақын мұрасының ұрпаққа тағылым болатынын дәлелдеді.
Данагүл Мәкен





























