Балаларға арналған мерекелік шара өтті

205

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа қуаныш сыйлау, олардың жүздеріне шаттық ұялату және шекарашы отбасыларына ерекше көңіл-күй тарту ету болды. Іс-шара барысында бөлімше ауласында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Балдырғандар ән шырқап, би билеп, түрлі ойын-сауыққа қатысып, тамаша көңіл көтерді.
Сонымен қатар балаларға балмұздақтар мен салқын сусындар таратылып, мейірімділік пен қуанышқа толы орта қалыптасты. Шараға қатысқан ата-аналар мен жеке құрам өкілдері бүлдіршіндерге арналған осындай игі бастамалардың тәрбиелік әрі рухани маңызы зор екенін атап өтті.
Мерекелік күн балалардың жүрегінде жарқын әсер қалдырып, олардың жазғы демалысын шаттыққа толтырған сәттердің біріне айналды.

                           ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз