ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең көлемді мерекелік шара өткізілді. Іс-шараны Әйел әскери қызметшілер кеңесі ұйымдастырды.
Балаларға қуаныш пен шаттық сыйлауға бағытталған бұл игі бастама шекарашы отбасылары мен әскери қалашық тұрғындары үшін ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аясында түрлі ойын-сауық сайыстары, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстар өткізілді. Балғындар ән салып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салып, ерекше әсер алды.
Сонымен қатар, балаларға тәтті-дәмділер мен балмұздақтар таратылып, арнайы дайындалған сыйлықтар үлестірілді. Шара барысында ата-аналар мен әскери қызметшілер де балалармен бірге белсене қатысып, ортақ қуанышқа бөленді.
Аталған мереке – тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар бала тәрбиесіне, олардың көңіл күйіне ерекше назар аударудың жарқын үлгісі болды. Әйел әскери қызметшілер кеңесінің ұйымдастырушылық рөлі мен ізгі бастамасы көпшіліктің ризашылығына бөленді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























