1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл және Панфилов аудандары бойынша шекара басқармалары, Қорғас шекаралық бақылау басқармасы мен Инженерлік техникамен қамтамасыз ету бөлімінің жеке құрамдары балалары үшін ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
Балғындардың мерекесін есте қаларлықтай ету мақсатында олар үшін Алматы қаласындағы Орталық саябақтағы жануарлар бағы (зоопарк) мен табиғат аясындағы серуен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар алуан түрлі жануарларды тамашалап, қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, ойын-сауық алаңдары мен тәтті тағамдар ұсынылып, балалар көтеріңкі көңіл-күймен қуанышқа бөленді.
Мерекелік шара шекара сақшылары мен олардың отбасылары арасындағы бірлікті арттырып, өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жануарларға қамқорлық таныту сезімін дарыту мақсатында ұйымдастырылды.
Балалар үшін бұл күн шынайы қуанышқа, ал ата-аналар үшін мақтаныш пен рухани серпіліске толы сәтке айналды. Іс-шара соңында әр балаға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.
Мұндай игі шаралар шекарашылар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жас буынға қамқорлық көрсетудің жарқын үлгісіне айналып келеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























