«SENAT OPEN» II ашық турнирі
Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп, «SENAT OPEN» II-ші ашық Кубогының іріктеу турнирі басталды. Логикаға салып ойланып, жедел шешім қабылдауды талап ететін спорттың бұл түрі жас талғамайды. Жетісу өңірінде шахмат, шашки, тоғызқұмалақ сынды спорт түріне қызығушылық танытушылар қатары артып келеді. Бүгінгі шараға да түрлі саланың өкілдері қатысып, бақтарын сынап көруде. «SENAT OPEN» II-ші...
Өңірдегі 13 жазғы демалыс-сауықтыру лагерлері өз келушілерін күтеді
Үстіміздегі жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша Журналистер үйінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымов Қайрат Саханұлы, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Аубакиров жиынға қатысып, аталмыш мәселе қатысты мәліметтермен бөлісті.
Айтар болсақ, облыста...
Алматыда бильярдтан ардагерлер арасында жарыс өтті
Алматыдағы «Парасат» орталығында ардагерлер арасында бильярдтан халықаралық турнир өтті. Бұл жарыс белгілі инженер, «Құрмет» орденінің иегері, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, республикалық Бильярдшылар одағының президенті Жақсықұл Мырзахметұлының құрметіне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің бірқатар өңірі және көрішілес Қырғызстаннан келген ардагерлердің басын қосқан жарыстың ашылу салтанатында Техника ғылымдарының докторлары Ишенбек Жақыпбеков пен Нұрлан Айтымбетов, ҚР Құрметті құрылысшысы Тоқмағамет Ибрагимов, Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор...
Сарбаздармен далалық ату сабағы аяқталды
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Кәсіптік және техникалық-дайындық бөлімінде «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерімен жоспарға сәйкес оқу-жаттығу кезеңі сәтті аяқталды.
Әскери қызметшілермен ату дайындығы, дене шынықтыру, инженерлік дайындық, жаппай қырып-жою қаруларынан сақтану, сондай-ақ Шекара қызметінің тактикасы бағыттарындағы дайындық сабақтары өткізілді. Сабақтар барысында сарбаздар жауынгерлік шеберліктерін арттырып, кәсіби дағдыларын нығайтып, шекарашыға тән...
Үздік нәтижемен дара шыққан жауынгер – Диас Қадырша
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Кәсіптік және техникалық-дайындық бөлімінде өтіп жатқан «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметі барысында қатардағы жауынгер Диас Қадырша өзінің шеберлігін айрықша дәлелдеді.
Жауынгерлік жаттығу барысында Калашников автоматынан (АК-100) атудан жоғары ұпай жинап, үш жүзден аса сарбаздың арасынан суырылып шығып, бірінші орынды иеленді. Бұл жетістік – оның әскери машықты...
Курсанттардың әскери машықтануы қорытындыланды
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттарының әскери машықтануының аяқталуына арналған қорытынды жиналысы өтті.
Әскери машықтану - курсанттар үшін теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, болашақ офицер ретінде алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыратын маңызды кезең. Бірнеше күндер бойы курсанттар шекара бөлімшелерінде шынайы әскери өмірмен танысып, жауынгерлік кезекшілік жүргізу, қару-жарақпен жұмыс істеу, шекараны күзету тәсілдері бойынша тәжірибе...
Патриоттық рухты нығайтуға арналған жарыс
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының офицері, аға лейтенант Н.Нұрғалиұлының жетекшілігімен мектеп оқушылары арасында "Жас Ұлан" әскери-патриоттық жарыс өтті.
Аталған іс-шараға ҚР Қарулы Күштері Жетісу облысы бойынша ардагерлер бірлестігінің төрағасы, полковник Р.Киркабаков пен Текелі қаласындағы №5 орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, сержант Қ.Рамазан белсенді атсалысты.
Шараның басты...
Оқушылармен жауынгерлік дайындық сабағы өтті
Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу – ел қауіпсіздігін нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқұншы» шекара бөлімшесінің аумағында кезекті тағылымды шара өтті.
Атап айтқанда, Крылов атындағы мектептің 10-сынып оқушыларымен жауынгерлік дайындық сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушыларға шекарашылардың күнделікті қызметі таныстырылып, қару-жарақ түрлері, оның қолданылу тәртібі және...
Отан соғысының ардагері Төлеубай Шектібаев өмірден өтті
Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесі Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған атамыз
Төлеубай Шектібаевтың
қайтыс болуына байланысты балаларына, жақын-жуықтарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Отан соғысының ардагері Төлеубай Шектібаев өмірден өтті
Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі 100 жасқа толған Отан соғысының ардагері, көптеген медалдардың иегері
Төлеубай Шектібаевтың
қайтыс болуына байланысты балаларына, туған-туыстарына, артындағы немерелеріне көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.



























