Курсанттардың әскери машықтануы қорытындыланды

399

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттарының әскери машықтануының аяқталуына арналған қорытынды жиналысы өтті.
Әскери машықтану — курсанттар үшін теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, болашақ офицер ретінде алғашқы кәсіби дағдыларын қалыптастыратын маңызды кезең. Бірнеше күндер бойы курсанттар шекара бөлімшелерінде шынайы әскери өмірмен танысып, жауынгерлік кезекшілік жүргізу, қару-жарақпен жұмыс істеу, шекараны күзету тәсілдері бойынша тәжірибе жинақтады.
Жиналыс барысында Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының басшылығы курсанттардың әскери дайындық деңгейіне оң баға беріп, үздік нәтиже көрсеткендерін атап өтті. Сондай-ақ, курсанттар тарапынан да алғыс сөздер айтылып, тәжірибе барысында алған әсерлерімен бөлісті.
Аталған жиын жас курсанттардың әскери жолдағы алғашқы белесін сәтті еңсеріп, шекара шебінде ел қорғаны болуға бір қадам жақындағанының белгісі болды.

                                   ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз