Үздік нәтижемен дара шыққан жауынгер – Диас Қадырша

409

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Кәсіптік және техникалық-дайындық бөлімінде өтіп жатқан «Көктем-2025» мерзімді әскери қызметі барысында қатардағы жауынгер Диас Қадырша өзінің шеберлігін айрықша дәлелдеді.
Жауынгерлік жаттығу барысында Калашников автоматынан (АК-100) атудан жоғары ұпай жинап, үш жүзден аса сарбаздың арасынан суырылып шығып, бірінші орынды иеленді. Бұл жетістік – оның әскери машықты тез меңгергенін және тәртіпке деген жауапкершілігін көрсететін айқын дәлел.
Қатардағы жауынге Диас Қадырша – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының тумасы. Азаматтық мамандығы – жүргізуші. Ол қарапайым, еңбекқор отбасынан шыққан. Әкесі Ринат Хайруллин – музыкалық колледжде қызмет атқаратын кәсіби музыкант, ал анасы – денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жүрген тәжірибелі медбике. Отбасында алты бала тәрбиеленуде: үш ұл, үш қыз. Диас – отбасының үлкені ретінде іні-қарындастарына үлгі болып келеді.
Әскери қызметте де, отбасында да жауапкершілікті терең сезінетін Диасқа болашақта зор сенім артуға болады. Оның тәртіптілігі мен табандылығы – нағыз Отан қорғаушыға тән қасиеттер. Осындай жастардың арқасында еліміздің шекарасы берік, ал болашағы нық болары сөзсіз.

                                  ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз