Оқушылармен жауынгерлік дайындық сабағы өтті

322

Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу – ел қауіпсіздігін нығайтудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқұншы» шекара бөлімшесінің аумағында кезекті тағылымды шара өтті.
Атап айтқанда, Крылов атындағы мектептің 10-сынып оқушыларымен жауынгерлік дайындық сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушыларға шекарашылардың күнделікті қызметі таныстырылып, қару-жарақ түрлері, оның қолданылу тәртібі және алғашқы саптық дағдылар үйретілді. Сонымен қатар жасөспірімдерге әскери тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы түсіндіріліп, Отан қорғаушы мамандығының абыройлы да, маңызды екендігі кеңінен насихатталды.
Іс-шара балаларға үлкен әсер қалдырды. Көптеген оқушылар болашақта шекара қызметіне келуге қызығушылық танытып, офицерлермен ашық сұхбат жүргізді. Жауынгерлік дайындық сабағы жастардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтып, ел тыныштығы жолындағы шекарашылардың еңбегіне деген құрметін арттыра түсті.
«Жас шекарашы» бағдарламасы осындай іс-шаралар арқылы ел жастарының бойына патриоттық рух пен жауапкершілікті сіңіруге зор үлес қосып келеді.

                                ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз