МТНБ телнұсқасын қалай алуға болады?
Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын қалай алуға болатынын баяндаймыз. Толығырақ білу үшін карусельді жылжытыңыз!
Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы
Көксу ауданында қылмыс деңгейі 16%-ға төмендеді
2024 жылы құқықбұзушылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға азайып, 200-ден 168-ге дейін төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 82,8%-ды құрады. Бұл туралы Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ернар Қалтаев пен оның орынбасары Дархан Жақанбай өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтты.
Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығының айтуынша, мал ұрлығы — ауданның өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Алайда, жыл ішінде мұндай қылмыстар...
Білімді ұрпақ — ел болашағы
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек» деген. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Білімді ұрпақ – ел болашағы. Мемлекеттің ертеңгі тағдырына жауапты жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін елімізде түрлі мүмкіндіктер қарастырылуда.Соның бірі - баланың жоғары оқу орнында білім алуы үшін қаражат жинауға жағдай жасайтын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі. Бұл бағдарламада...
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді.
Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.
«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары...
Ауылдың үздік мектебі анықталды
Жыл сайын дәстүрлі түрде облыс көлемінде ауылдың үздік мектебі анықталады. Түрлі бағытта жетістікке жеткен білім ордалары өзара бақ сынайды. Өткен оқу жылында Көксу ауданына қарасты Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебі топ жарып, 1 млн теңге ұтып алды.
Естеріңізде болса,2023 жылы Көксу ауданына қарасты білім ордасы үздіктер қатарынан көрінген еді. Бұл жолы да Балпық би ауылының мектебі сол биіктен...
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Руанда Президенті Поль Кагама, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зелендия Премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ...
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары...
Биыл Жетісу облысында 122 әлеуметтік нысан салу жоспарланған
Биыл Жетісу облысында 122 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған, оның 105-і осы жылы пайдалануға беріледі.
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 100 денсаулық сақтау нысаны, 10 мәдениет нысаны, 8 білім беру нысаны, 3 спорт нысаны және 1 оңалту орталығы салынады, солардың 105-і биыл іске қосылады деп жоспарланған.
«Биыл Алакөл және Панфилов аудандарында 900 орынды 2 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алакөл...
«Жетісу Жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдануда
АҚ «Отбасы банк» мен Талдықорған қаласы әкімшілігі екіжақты «Жетісу Жастары» атты жас азаматтарымызға арналған бағдарлама қайта іске қосылатындығы жайлы жариялады.
Талаптары:
• Жергілікті атарушы органда кезекте тұру
• 21 - ден 35 жасқа дейінгі азаматтарға
• Бастапқы жарна - 0% бірінші нарықтағы үйге, 10 % екінші нарықтағы үйлерге.
Несие сомасы 10 000 000 теңге.
Несие пайызы - 5% (ЖТСМ 5,2%-ден бастап)
• Несие мерзімі - 19...
Қазақстанда электрондық сауда нарығының инфрақұрылымы белсенді дамып келеді
Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова республикада электрондық сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін заманауи қойма кешендерінің желісі дамып келе жатқанын атап өтті.
Ол электрондық коммерцияның қарқынды дамуы Қазақстан үшін бірегей мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Бұл тек өсім көрсеткіші емес – бұл өңірлердегі кәсіпкерліктің дамуы мен Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі ұстанымының нығаюы. Қазпоштаның негізі рөлі – электрондық...




























