Дифтерия: себептері, диагностикасы және алдын алу

274

Дифтерия (күл) – Corynebacterium diphtheriae бактерияcымен шақырылатын жұқпалы ауру, ауыр инфекция, одан болатын өлім-жітім 50%-ға дейін жетеді. Бұл аурудың ауырлығы дифтерия таяқшасы бөлетін өте улы токсинге байланысты.

Вакцинацияның арқасында бұл инфекцияны толығымен жеңдік деп саналған, бірақ оның өршуі әлі де тіркеледі. Соңғы рет ҚР 1995ж. бұрқетпе болып, қосымша иммундаудың көмегімен жағдай тұрақталды. Жетісу олысында соңғы 1 жағдай 2003ж. тіркелді.

Инфекция көзі: науқас немесе тасымалдаушы.

Дифтерия жөтелу, түшкіру, сөйлеу кезінде ауа арқылы беріледі.

Жұтқыншақ, мұрын, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатында қоздырғыш көбейіп, арнайы у – дифтерия токсинін шығарады. Ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері зақымданады. Жұтқыншақ, мұрын, көмей, тері, көз және басқа мүшелердің дифтериясы дамиды.

Аурудың алғашқы белгілері ЖРВИ белгілеріне өте ұқсас: температура 38 °C-тан аспайды, әлсіздік пайда болады. Біраз уақыттан кейін ауыз-жұтқыншақ аймағында фибринозды ақ-сұр жабынды пайда болады.

Кейде ата-аналар дифтерияның белгілерін тонзиллит ретінде қабылдайды. Айырмашылығын білген маңызды:

  • мұрнынан су ақпаса алаңдау керек;
  • дифтериядағы бадамша бездер ақ қабықпен жабылған, ал ангина кезінде олар қызыл, қабынған, кейде сарғыш жабындымен немесе іріңмен болады;
  • дифтерия кезінде таңдай да қабынады, ал ангинада тек бадамша бездер қабынады;
  • жұтыну кезінде қатты ауырсыну ангинаға тән, бірақ дифтерияда ауырсыну аздап байқалады, науқас ыңғайсыздық сезінеді.

Асқынуы. Жүрек, тыныс алу, мойын және аяқ-қол, бет бұлшықеттері салдануы; жұмсақ таңдай, дауыс байламдарының зақымдануы, мұрнынан сөйлеу — «гнусавость»; сұйық тағамның мұрыннан төгілуі; көз қитарлығы, қабақ түсуі болуы мүмкін.

Бұл инфекцияда өлім-жітім жоғары, жыл сайын науқастардың 10-20% өлімге ұшырайды. Ем дер кезінде басталғанның өзінде өлім-жітім -3%.

Дифтериядан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинация. Қазіргі уақытта вакциналар құрамдастырылған — АбКДС 2, 3, 4 және 18 айлық, 6 жастағы балаларға, АДС-М 16 жастағы жасөспірімдер мен ересектер әр 10 жыл сайын жасалады.

Өз денсаулығыңыз бен балаларыңыздың денсаулығын қорғаңыз!

Вакцинаны уақытында алыңыз! Сау болыңыздар!

Индира Кунбасова, Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз