Біздің көпшілігіміз үшін сүт-күнделікті рациондағы тағамдардың бірі. Бірақ сонымен бірге, көпшілігі жалған немесе сапасыз өнімге тап болудан қорқады. Бұған жол бермеу үшін Сіз сүт өнімдерін қалай таңдау керектігін білуіңіз керек.
1) Тоңазытқышпен жабдықталған белгіленген орындарда сүт және сүт өнімдерін сатып алу абзал. Сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитариялық құжаттары жоқ жеке тұлғалардан, белгіленбеген орындардан сатып алуға болмайды. Қаптамадағы сүт сатып алғанда, ең алдымен оның сыртқы түріне назар аударыңыз. Қаптама ісінбеуі немесе зақымдалмауы керек, ашық болуы тіпті дұрыс емес.
2) Таңбалауды мұқият зерттеңіз. Сүт және сүт өнімдерінің таңбалауында қаптамадағы тамақ өнімдері үшін міндетті ақпарат болуы тиіс: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМА-ның болуы туралы мәліметтер және ЕАС белгісі. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс, мәтіні нақты және көрнекі болуы керек.
Құрамында қалпына келтірілген сүті бар өнімнің қаптамасында өнімді дайындауда қолданылатын негізгі шикізаттың атауына тікелей нұсқау қажет, мысалы: «құрғақ сүттен қалпына келтірілген сүт», «концентрацияланған сүттен қалпына келтірілген сүт», «құрғақ және қоюландырылған сүттен қалпына келтірілген сүт».
Сондай-ақ, қаптамада сүт алынған ауылшаруашылық жануарлары (сиырларды қоспағанда) туралы ақпарат болуы керек. Мысалы: ешкі сүті, бие сүті.
Сүтті немесе сүтті қайта өңдеу өнімдерін термиялық өңдеу әдісі көрсетіледі, мысалы: «пастерленген сүт», «зарарсыздандырылған кілегей».
«Био» жалғауы туралы білу маңызды («биокефир», «биоряженка» және т.б.) –бұл пробиотикалық және (немесе) пребиотикалық микроорганизмдермен байытылған ашытылған сүт өнімдері.
Айта кету керек, сүт майын алмастырғыштарды қолдана отырып жасалған сүт өнімдерінің атауы (50% – дан аспайтын мөлшерде алмастырумен) «сүт майын алмастыратын сүт бар өнім» деген сөздерден басталуы керек. Тұтыну қаптамасында өнімде өсімдік майларының болуы туралы ақпарат міндетті түрде көрсетіледі.
3) Қаптамада көрсетілген сүт өнімдерін сақтаудың шарттарына «сөредегі» сақтау шарттарына сәйкес келетініне назар аударған жөн.
4) Өнімді сатып алу кезінде сатушыдан оның сәйкестігін растайтын құжаттарды сұраңыз. Шикі сүтке мұндай құжаттар – ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілгеннен кейін берілетін ветеринариялық сертификат немесе ветеринариялық анықтама, балалар тамағына арналған сүт өнімдері үшін мұндай құжат мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады, ал басқа қапталған сүт өнімдері үшін мұндай құжат сәйкестік туралы декларация болып табылады. Егер сатушы Сізге құжаттарды ұсынуға қарсы болса, онда өнімді сатып алудан бас тартыңыз.
Асхат Чарапиев, Жетісу облысы СЭБД департаментінің басшысы





























