Тұрмыстық химияны таңдағанда нені білу қажет?

216

Тұрмыстық химиялық заттарды қолданбайтын адамды елестету қиын. Бұл құралдар үйді таза ұстауға ғана емес, түрлі жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға да көмектеседі. Алайда дүкен сөрелерінде тұрмыстық химияның жүздеген түрі ұсынылған. Ендеше тұрмыстық химия өнімдерін дұрыс таңдаудың жолдарын қарастырайық.

1) Таңбалауға мұқият назар аударыңыз. Таңбалауда келесі мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі керек: өнімнің атауы; өтініш беруші туралы мәлімет; өнімнің мақсаты; қауіптілік сипаттамасы; қауіптіліктің алдын алу шаралары; өнім партиясының сәйкестендіру деректері; массасы; жарамдылық мерзімі; сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).

Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Шетелдік өтініш берушінің атауы мен мекенжайы латын графикасында жазылуы мүмкін. Синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өнімдерінің тұтынушылық таңбалауы анық, оқуға жеңіл, ірі әріптермен және өшіп кетпейтіндей етіп, химиялық заттардың әсеріне төзімді түрде жазылуы тиіс. Жууға немесе тазалауға арналған өнімдер үшін таңбалауда қолдану тәсіліне байланысты ұсынылатын мөлшері немесе дозасы көрсетілуі қажет.

Таңбалауда сонымен қатар тұрмыстық химияның жағымсыз әсерінен қорғану шаралары, сақтық шаралары, сақтау және қолдану ережелері, сондай-ақ ескерту жазбалары болуы тиіс. Мысалы: «Балалардан алыс ұстаңыз!», «Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз», «Ашпаңыз және балаларға бермеңіз», «Өнім теріні тітіркендіреді», «Қолды қорғауға арналған құралдарды қолдану қажет», «Тікелей күн сәулесінен қорғаңыз», «Белсенді хлор бар».

Пропеллент ретінде көмірқышқыл газы немесе сығылған ауа қолданылатын өнімдерде: «Бүрку кезінде қақпақшасын төмен қаратып ұстамаңыз!» деген белгі болуы тиіс.

2) Қаптаманың бүтіндігіне назар аударыңыз. Синтетикалық жуғыш заттар мен тұрмыстық химия өнімдерінің қаптамасы вибрация, соққы, температура, қысым немесе ылғалдылық өзгерістеріне байланысты деформацияға, ағуға немесе төгілуге жол бермейтіндей болуы қажет. Қаптама өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіздігін және тұтынушыға зиянсыз болуын қамтамасыз етуі тиіс.

3) Қауіпсіздікті ұмытпаңыз. Тұрмыстық химияны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз, тері мен көзге тиюден сақтаныңыз, химиялық заттардың тыныс алу органдарына түсуіне жол бермеңіз.

4) Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз. Тұрмыстық химияға мұндай құжат — мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады. Егер сатушы бұл құжатты ұсынбаса, өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз жөн.

Денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз !

                                                                  А. Чарапиев, Жетісу облысы СЭБД басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз