Еліміздің оңтүстігінде 6 балдық жер сілкінісі болды
8 шілдеде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай жер сілкінді. Бұл туралы басқа дереккөздеріне сүйеніп хабарлаймыз.
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде 14:30-да жер дүмпуін тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан. Құлан ауылында 6 балдық жер сілкінісі болған. Ал Меркіде – 3 балл.
Одан бөлек жер сілкінгені сезілген аймақтар:
Шу – 3 балл
Сарыкемер – 3 балл
Төле...
Бейбіт Исабаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттарымен кездесті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысымен кездесуге Парламент Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембинов, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов, сол сияқты Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев және облыстық мәслихат хатшысы Гүлнар Тойлыбаева қатысты.
Әңгімелесу барысында аймақта республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жобалардың іске асырылуы,...
«Заң мен Тәртіптің» мән-мағынасы қозғалды
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Талдықорғандағы Салтанат сарайында өңір тұрғындарымен және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар да қатысты. Жиынды Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жүргізді.
Алдымен сөз алған Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының мән-маңызына тоқталып, оны іске асыру тек құқық қорғау органдарының ғана...
Коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге қалдырылды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбіде Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралған.
"Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1 пайыз). Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара...
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда
2025 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін «Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.
«Jas Keñes Sıylığı» – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өміріндегі негізгі салаларда белсенді жас мамандарға табысталады.
Сыйлыққа Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға...
Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды
Литвада өткен География пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды.
Алтын медальді еліміздің қоржынына Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы — Дарын Бекбол иеленді. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанды.
Заңгер әулет
Әлімсақтан қазекем ұрпақ сабақтастығына, қан-тек-ұрпақ, яки ата-әке-бала үштігінің көзге көрінбес рухани байланысына, ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген. Содан «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тәмсілі шықса керек. Ұлы далада дүбір туғызған жұрттың «балам бақытты, ұрпағым ұлағатты болсын» деген тілеуінің астарында үлкен мән бар. Көне дүние күмбіріндей бүгінге дейін жеткен «балам – болашағым» ұлт танымы да талай түйінді...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Астана күні құтты болсын!
Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі.
Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады,...
6 шілде – Астана күні. Армандар орындалған қала
Тарихқа көз жүгіртсек, 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы" қаулы қабылдады.
Елорданы Алматыдан басқа қалаға көшіру туралы шешімнің бірнеше себебі бар еді. Соның ішінде Қазақстанның оңтүстік шекарасында орналасқан Алматының өнеркәсіп орталықтарынан шалғай орналасуы ықпал етті. Ақмола облыстардың ішінде алдыңғы қатарда болды. Сонымен қатар бұрынғы астананы одан әрі кеңейту мүмкіндігі аз болды, ал Ақмоланың...
Бас қаламыз гүлденіп, көркейе берсін!
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Астана күніне арналған құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!
Астана Қазақстанның геостратегиялық орталығы ретінде мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындауда, еліміздің орнықты дамуы мен қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді жаңа сапаға көтеруде негізгі бастамашы болып отыр.
Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, елордамызды жаңа Қазақстанның символы деуге болады. Сарыарқа төсінде бой түзеген кіндік қала бүгінде Отанымыздың қаржылық-экономикалық, рухани-мәдени...




























