Алматы облысы әкімінің өкімімен Майгүл Омарова облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлады облыс  әкімдігінің баспасөз қызметі.

Майгүл Тілеутайқызы 1969 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін математика және информатика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын Ақсу ауданы  Жаңатілеу орта мектебінде лаборант болып бастаған. Әр жылдарда Ақсу ауданы Жаңатілеу орта мектебінде сызу және бейнелеу, математика пәндерінің мұғалімі, Чапаев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі, Сәтпаев атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, Көксу ауданындағы Көксу ауыл шаруашылығы колледжінде жалпы пәндер оқытушысы, Талдықорған қаласындағы № 2 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, № 2 және Б. Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектептерде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Алматы облысының білім департаментінің бас маманы, облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы, мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2011 жылдың қазан айынан бері – Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болған.

Осыған дейін  облыстық білім басқармасын басқарған Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов өз өтініші бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен қызметінен босатылды, -делінген хабарламада.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK