8 шілдеде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай жер сілкінді. Бұл туралы басқа дереккөздеріне сүйеніп хабарлаймыз.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде 14:30-да жер дүмпуін тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан. Құлан ауылында 6 балдық жер сілкінісі болған. Ал Меркіде – 3 балл.
Одан бөлек жер сілкінгені сезілген аймақтар:
- Шу – 3 балл
- Сарыкемер – 3 балл
- Төле би – 3 балл
- Тараз қаласы – 3 балл
- Аса – 2 балл
- Мойынқұм – 2 балл
- Қордай – 2 балл
- Бауыржан Момышұлы – 2 балл
- Қаратау – 2 балл
- Тұрар Рысқұлов – 2 балл.
Қирандылар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.





























