ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Талдықорғандағы Салтанат сарайында өңір тұрғындарымен және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар да қатысты. Жиынды Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жүргізді.
Алдымен сөз алған Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының мән-маңызына тоқталып, оны іске асыру тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның жұмысы болуы тиіс екенін атап айтты.
Жиында алдыңғы аға буынның атынан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт ардагерлер қауымы құқықтық тәртіпті нығайтуда, жас ұрпаққа тәрбие беруде, қоғамдық тыныштықты сақтауда өздерінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, үлес қосатындығын айтты.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі





























