Алакөлді дамыту: демалушылар қатары 6,2%-ға, қызмет көрсету көлемі 1,8 есе өсті
Жетісу облысы құрылғаннан бері Алакөл ауданы бойынша туризм саласын дамытуға 12,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл өз кезегінде көл жағалауының инфрақұрылымын жақсартуға елеулі ықпал етті. Жиырма бес жылдан бері түйткілді болып келген электр жарығы мәселесі шешімін тапты. Кәріз жүйесі салына бастады. Бұл туралы Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі....
Тұрғын үй кезегіне қою және үй беру әкімдікте емес, «Отбасы банк» АҚ арқылы жүргізіледі
Биылғы жылдың 24 мамырынан тұрғындарды тұрғын үй кезегіне қою және үй беру құзыреті жергілікті әкімдіктен «Отбасы банк» АҚ-ға берілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Отбасы банк» АҚ Жетісу облыстық филиалының директоры Жасұлан Құрманғалиевтың айтуынша, осы жылдың мамыр айынан тұрғын үй кезегіне қою және үй...
Алакөл ауданында жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісі 54,4%-ға өсті
Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,6 млрд. теңгені құрап, 54,4%-ға өскен. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесу өткізінде айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Үшарал қаласындағы Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде өткен кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндап, атқарылған шаралар жайынан хабардар еткен өңір басшысы ауданның халықтың әл-ауқатын...
Сауда нысандарына мониторинг жүргізілді
Облыс орталығы Талдықорғанда стационарлық емес сауда нысандарына мониторинг жалғасуда. Кезекті тексеріс барысында «Жастар» саябағы мен «Жетісу» шағын ауданында орналасқан дүңгіршіктер (киоск) назарға алынды. Комиссия мүшелері сауда орындарының рұқсат құжаттары мен санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, кәсіп иелеріне ескерту хаттарын тапсырды.
Мониторинг жұмысына Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты. Нысан иелеріне сауда мәдениеті мен қала...
Талдықорғанда қаңтар-маусым айларында 3665 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
Қала әкімінің мәжіліс залында қала әкімінің міндетін атқарушы Жеңіс Андабековтің төрағалығымен халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі бойынша кезекті отырыс өткізілді.
Жиын барысында пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту және сот шешімімен міндеттелген қоғамдық жұмыстарға тарту мәселелері кеңінен қаралды.
Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру мақсатында бірқатар мекемелердің қатысуымен ынтымақтастық аясын кеңейту туралы шешім қабылданды.
Сала мамандарының...
Тасқынға қарсы жұмыстар
Талдықорған қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қаратал өзенінің қауіпті учаскелерінде ауқымды жұмыстар басталды.
Тазалау барысы «Үйтас» саяжайы бау-бақша серіктестігінен «Қаратал» саяжайына дейінгі аралықтағы алты учаскені қамтиды. Қазіргі уақытта өзен арнасы механикалық жолмен тазаланып, түбі тереңдетіліп, түзеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, жағалауды бекіту мақсатында ірі тастар төселіп, габион торлары орнатылуда. Бұл шаралар тасқын су қаупін азайтып, маңайдағы елді мекендердің...
Қалалық жағажай балдырдан тазартылды
Талдықорған қаласындағы қалалық жағажайды балдырдан тазарту жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде.
Аталған жұмыстарды «Lanfi» ЖШС мердігер компаниясы жүзеге асыруда. Қазіргі таңда тазалық жұмыстарына 30 адам тартылған.
Жұмыс барысында суды ағызу, жалпы аумақты ретке келтіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, тазарту жұмыстары осы аптаның соңына дейін жалғасады.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«Үйтас» саяжайы әкім назарында
Сонымен қатар қала әкімі Ернат Бәзіл Үйтас саяжайының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халық алдымен саяжайға елді мекен атауы қашан берілетінін сұрады.
Сонымен қатар, көше жарықтары, жол сапасын жақсарту, аспалы көпірдің қазіргі жағдайы және заңсыз қоқыс орындарына қатысты мәселе көтерілді.
Қала басшысы көтерілген әрбір мәселенің назарда екенін атап өтіп, оларды оңтайлы шешу бағытында нақты жұмыстар жоспарланғанын жеткізді. Айтуынша, биыл «Үйтас» саяжайындағы аспалы...
Тұрғын үйлердің шатыры мен қасбеттері жаңартылады
Облыс орталығы Талдықорған қаласында биыл 39 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жаңартылып, 20 үйдің қасбеті жөндеуден өтеді. Бүгінде бұл жұмыстар қарқынды түрде басталып, қызу жүргізілуде.
Талдықорғанда бүгінде 800-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың басым бөлігі 1970-80 жылдары салынған. Қазіргі уақытта көптеген үйлердің шатыр жабындысы мен қасбеті тозып, жаңартуды қажет етуде.
Осыған орай қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында жыл сайын тозығы...
Онлайн бюджет мониторингі: заңбұзушылықтарды анықтау және мақсатсыз пайдаланылған қаражатты қайтару
«Онлайн бюджет мониторингі» модулін қолдану аясында Жетісу облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық заңбұзушылықтарды жедел анықтауды және мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті.
Аталған салада жалпы сомасы 393,7 млн теңгені құрайтын 817 тәуекелді төлем анықталды. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде 102,7 млн теңге бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталып, 125 хабарлама жолданды. Қосымша талдау нәтижесінде 6,2 млн теңге мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болып,...





























