«Үйтас» саяжайы әкім назарында

250

Сонымен қатар қала әкімі Ернат Бәзіл Үйтас саяжайының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында халық алдымен саяжайға елді мекен атауы қашан берілетінін сұрады.

Сонымен қатар, көше жарықтары, жол сапасын жақсарту, аспалы көпірдің қазіргі жағдайы және заңсыз қоқыс орындарына қатысты мәселе көтерілді.

Қала басшысы көтерілген әрбір мәселенің назарда екенін атап өтіп, оларды оңтайлы шешу бағытында нақты жұмыстар жоспарланғанын жеткізді. Айтуынша, биыл «Үйтас» саяжайындағы аспалы көпір қайта жаңғыртылып, жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылады, ал саяжайға тұрғын үй алабы мәртебесін беру мәселесі жақын арада шешілетіндігін және қажетті құжаттар тиісті сараптамадан өткендігін айтты.

Сондай-ақ, әкім, саяжайға тұрғын үй алабы мәртебесі берілген жағдайда тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген өзекті мәселелері жүйелі түрде шешілетінін жеткізді.

Еске салсақ, «Үйтас» саяжайы 2021 жылы толық ауыз сумен қамтылды, ал 2023 жылы көгілдір отын (газ) желісіне қосылды. Бұдан бөлек, саяжайда түнгі жарықтандыру мәселесі де шешімін тауып, биылғы жылы тағы 4 көше жарықтандырылмақ.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз