Онлайн бюджет мониторингі: заңбұзушылықтарды анықтау және мақсатсыз пайдаланылған қаражатты қайтару

778

«Онлайн бюджет мониторингі» модулін қолдану аясында Жетісу облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық заңбұзушылықтарды жедел анықтауды және мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті.

Аталған салада жалпы сомасы 393,7 млн теңгені құрайтын 817 тәуекелді төлем анықталды. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде 102,7 млн теңге бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталып, 125 хабарлама жолданды. Қосымша талдау нәтижесінде 6,2 млн теңге мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болып, бұл сома бюджетке қайтарылды.

Денсаулық сақтау салада мониторинг барысында тәуекелді шоттар анықталды. Алайда, растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін, операциялар заңды деп танылып, шоттар тәуекелділер тізімінен шығарылды.

Спорт салада жалпы сомасы 34,6 млн теңге болатын 47 тәуекелді төлем тіркелді. 46 хабарлама жолданды. Құжаттық материалдарды талдау нәтижесінде операциялар заңды деп танылып, шоттар тәуекелдер қатарынан алынып тасталды.

«Онлайн бюджет мониторингі» модулін қолдану арқылы Мәдениет салада жалпы сомасы 7,9 млн теңгені құрайтын 15 тәуекелді төлем анықталып, 15 хабарлама жолданды. Талдау нәтижесінде 2,4 млн теңге бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталып, бұл сома толық көлемде бюджетке қайтарылды.

 «Онлайн бюджет мониторингі» модулі қаржылық заңбұзушылықтарды уақтылы анықтап, бюджет тәуекелдерінің алдын алуға арналған тиімді құрал ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдын алу шараларын күшейту және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз