Тасқынға қарсы жұмыстар

252

Талдықорған қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қаратал өзенінің қауіпті учаскелерінде ауқымды жұмыстар басталды.

Тазалау барысы «Үйтас» саяжайы бау-бақша серіктестігінен «Қаратал» саяжайына дейінгі аралықтағы алты учаскені қамтиды. Қазіргі уақытта өзен арнасы механикалық жолмен тазаланып, түбі тереңдетіліп, түзеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, жағалауды бекіту мақсатында ірі тастар төселіп, габион торлары орнатылуда. Бұл шаралар тасқын су қаупін азайтып, маңайдағы елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жобаны «Азия Канал Құрылыс» мердігер ұйымы жүзеге асыруда.

Айта кету керек, өзен арнасын тазалау барысында шығарылған топырақ пен материалдар жағалауды нығайту және қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру мақсатында тиімді пайдаланылып жатыр.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз