Сауда нысандарына мониторинг жүргізілді

270

Облыс орталығы Талдықорғанда стационарлық емес сауда нысандарына мониторинг жалғасуда. Кезекті тексеріс барысында «Жастар» саябағы мен «Жетісу» шағын ауданында орналасқан дүңгіршіктер (киоск) назарға алынды. Комиссия мүшелері сауда орындарының рұқсат құжаттары мен санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, кәсіп иелеріне ескерту хаттарын тапсырды.

Мониторинг жұмысына Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты. Нысан иелеріне сауда мәдениеті мен қала келбетіне нұқсан келтірмеу керектігі түсіндірілді.

Батыржан Жексембі, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

— Қаланың көркін бұзып, рұқсатсыз немесе талапқа сай емес жағдайда жұмыс істеп тұрған нысандарды ретке келтіру басты мақсатымыз. Бұл жұмыс бір реттік емес, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Кәсіпкерлер заң талаптарын сақтауға және қала мәдениетіне үлес қосуға міндетті, – дейді.

Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта қала аумағындағы өзге де аудандарда жалғасады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Талдықорған қаласы аумағында 162 стационарлық емес сауда нысаны, яғни дүңгіршек тіркелген. Оның ішінде, 51 дүңгіршек заң талаптарына сәйкес рұқсат құжаттарымен орналастырылған болса, ал 111 нысан заңсыз, яғни құжатсыз және рұқсатсыз орнатылған.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі
(фото ratel.kz)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз