2025 жылы Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы
2025 жылдың үш айында Жетісу облысында асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алуға 130 өтініш қабылданды. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелері:
* 18 жасқа толмаған, сондай-ақ осы жастан асқан балалар (оның ішінде асырап алынғандар, өгей ұлдар мен өгей қыздары), аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері, егер олар...
«Ұстаз» фильмінің актерлерімен кездесу кеші мектепте өтті
Ұстаз туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Ұстаз – ұлы есім» десе, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет» деп баға берген екен. Ал, Жетісу жерінде түсірілген «Ұстаз» фильмінің идея авторы – белгілі журналист Бейсен Құранбек, сценарийін жазған – Гүлмира Зербай. Ал қоюшы режиссері – жетісулық жас талант Ерлан Ұшақпаев. «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22...
Көлік министрлігі: еліміздегі 125 теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталды
2025 жылғы 14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
«Модернизация және реконструкция жұмыстары аясында вокзал ғимараттарын қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтілуде», – деп атап өтті көлік вице-министрі Мақсат...
Жетісу облысы Тәжікстанмен ынтымақтастықты кеңейтуде
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сауда өкілі Олимджон Ашурзодамен кездесті. Басқосуда қос тарап екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Ә. Қанағатов аймақтың инвестициялық әлеуетіне кеңінен тоқталды. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, логистика және транзит салаларына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының мүмкіндіктеріне баса назар аударды....
Жетісу облысында денсаулық айлығы аясында 1500-ден астам тыл ардагеріне дәрігерлер барады
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін созылатын денсаулық айлығы басталды. Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда. Дәрігерлердің мобильді бригадалары аталған шарада 1500 астам тыл ардагерін қамтуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, жуырда құрамында хирург, терапевт және невропатолог мамандары бар медициналық бригада Ескелді ауданы...
Қазақстанда спорт саласын дамыту: жүйелі реформалар, инфрақұрылым, бұқаралық спорт және чемпиондар даярлау
"Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым.
Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді....
Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады
2024–2025 жылғы жылумен жабдықтау бойынша күзгі-қысқы маусым күрделі ақауларсыз өтті, бұл Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шараларының нәтижелі болғанын көрсетеді.
Маусымға дайындық 10 энергетикалық блоктың, 55 қазандықтың және 45 турбинаның күрделі жөндеуін қамтып, ЖЭО және жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту процесін бастауға мүмкіндік берді. Электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 27%-ға (1 070-тен 782 жағдайға) азайса, ал температуралық графиктің сақтамау жағдайлары 3,3 есеге (215-тен...
Қала әкімі құрылыс нысандары мен аулаларды абаттандыру жұмыстарын аралады
Қала әкімі Ернат Бәзіл ең алдымен «Құлагер» шағын ауданында басталғалы жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Одан кейін қала басшысы құрылысы басталған көркем гимнастикаға арналған спорт кешенінің жұмыс барысымен танысты.
Сонымен қатар, қала әкімі абаттандыру жұмыстары басталған «Жетісу» шағын ауданын аралап, жауапты мамандарға сапаны басты назарда ұстау қажеттігін ескертті. Аталған шағын аудан заманауи талаптарға сай абаттандырылып, тұрғындардың сұранысына сәйкес көлік тұрақтары...
Жетісу облысына – 3 жыл: 81 медицина мекемесі салынып, дәрігер жетіспеушілігі 20,3 % қысқарды
Жетісу облысы құрылғаннан бері медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарымен 81 елді мекен қамтылды, ал дәрігер тапшылығы 20,3%-ға төмендеді. Биыл тағы 72 елді мекенде жаңа медициналық мекемелер бой көтереді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс құрылғалы бері өңірде Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында 250 орынға арналған емхана, Көксу ауданы Ақшатоған, Еңбекшіқазақ ауылдарында, Алакөл ауданы Қамысқала ауылында, Панфилов ауданы Шежін ауылында 4...
Қазақстан СІМ басшысы жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
Тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты арттыру және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту міндеттерін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Жетісу облысына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында Министр «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» және «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақтарының, сондай-ақ «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті мен «Алтынкөл» халықаралық өткелінің қызметімен...





























