Бірлесе үлес қосу қажет

120

Президенттің Жолдауы  еліміздің алдағы дамуының негізгі бағытын айқындайтын маңызды құжат. Онда халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге  нақты қадамдар белгіленген. Әрбір бастама елдің тұрақты дамуына, қоғамның бірлігі мен жасампаздығына қызмет етеді. Сондықтан біз Жолдауда айтылған міндеттерді қолдай отырып, оны жүзеге асыруға барлығымыз бірлесіп үлес қосуымыз қажет. Мемлекет басшысы «Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек» деп былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқандығын тілге тиек етті. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру,  отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру болып табылады. Экологиялық акция басталғаннан түрлі шараларға белсене қатысушылар қатары артқанын байқадық. Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» бастамасы жүйелі тәсіл, саяси ерік-жігер мен азаматтардың белсенді қатысуы нақты нәтиже бере алатынын көрсететті.

Гүлнафис Жүсіпалиева, Талдықорған қалалық №2 емханасының басшысы

 

                                               

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз