Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялауда. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып отыр. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындауда. Президент Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болуы керектігін, Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін, аталмыш технологияны пайдаланудың маңызына тоқталды. Осы орайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын мәлімдеді. Жолдаудағы әр бағыт мемлекетіміздің басты стратегиясына қадам басуға мүмкіндік туғызады деп сенеміз. Алдымызға қойылған аталмыш міндеттерді жүзеге асыру барысында әрбір қазақстандықтың ынтымағы мен бірлігі жарасып, қол жеткізер табыстарымыз мол болсын.
Шынар Шарипбаева, Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы





























