«Барлық реформаны салмақты көзқараспен мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Жалпы барлығы да халықтың әл-ауқатын және еліміздің әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқандығы мәлім. Соның бірі — ауыл шаруашылығына байланысты тапсырмалары. Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының тұрақты өсуінің, азық-түлік қауіпсіздігінің және ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудың негізгі тетігі. Бұл сала ауылдағы еңбек өнімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге, су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ экологиялық таза өнім өндіруге бағытталуы тиіс. Шаруаларды қолдау, инфрақұрылымды жетілдіру, аграрлық ғылым мен инновацияны дамыту ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елдің жалпы өркендеуіне серпін береді.
Еркінбек Слямов, «Самай» шаруа қожалығының басшысы





























