Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялауда. Мемлекет басшысы Жолдауда елдің болашағы мен дамуы үшін маңызды деген салалардың бірқатар бағыт-бағдарын айқындап, тұрақтылық пен әлеуметтік басымдықтарға тоқталуда. Ол өз сөзінде «Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды»-деді. Жылдың басты құжатында қоғам өміріне қатысты салалар қамтылуда. Ендігі кезекте маңызды міндеттерді жүзеге асыруға баршамыз атсалысуымыз керек. Бұл дегеніміз – саяси реформа жасауда табандылық пен тәуекелділік керектігін анық аңғартады.
Таңат Төлеуғалиұлы, Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы





























