Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл референдумда отбасымен дауыс берді
Бүгін республикалық референдум аясында облыс орталығы Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл №419 референдум учаскесіне отбасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасап дауыс берді.
Қала әкімі ел болашағына қатысты маңызды шешімдерде әр азаматтың белсенділігі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
«Бүгінгі күн еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде. Біз де отбасымызбен келіп, азаматтық борышымызды...
Тарихи сәт
Мұстафа Құсайын, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Бүгін талдықорғандықтар елімізде өтіп жатқан референдумға қатысып, өз таңдауын жасауда. Конституция – біздің ортақ шаңырағымыздың тірегі. Сол тірек берік болса, еліміздің ертеңі нық болады. Тарихымызды қадірлеп, мәдениетімізді қолдап, білімге ұмтылып, бірлігімізді сақтасақ – тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болмақ. Әр азамат мемлекет алдындағы жауапкершілігін жете сезініп, осынау тарихи сәтте дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін.
Қазақстанның Халық әртісі Әлихан Идрышева референдумда дауыс берді
Бүгін №413 референдум учаскесінде Қазақстанға танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі Әлихан Идрышева өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Өнер иесі маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің болашағына қатысты шешімдерде халықтың пікірі айрықша маңызға ие.
«Еліміздің болашағы әрқайсымызға ортақ. Сондықтан мұндай маңызды күні бейжай қалмай, өз таңдауымды жасау үшін дауыс беруге келдім....
Талдықорған қаласындағы дауыс беру учаскелерінде арнайы «Болашақ жәшігі» орналастырылды
Аталған жәшіктер тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың еліміздің болашағына қатысты ой-пікірлері мен ізгі тілектерін білдіруіне мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған. Дауыс беруге келген азаматтар арнайы парақтарға Қазақстанның дамуы, бірлігі, тұрақтылығы мен жарқын болашағына қатысты өз тілектерін жазып, жәшікке қалдыруда.
Бұл бастама тұрғындардың қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға бей-жай қарамай, ел келешегіне деген жауапкершілігін сезінетінін көрсетеді. Сонымен қатар, «Болашақ жәшігі» арқылы азаматтар...
Болашақ – жастардың қолында
Жанар Бейсембаева, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Бүгін барша қазақстандықтар өздері үшін түпкілікті шешім қабылдап, референдумға қатысуда. Мен де отбасыммен бірге сайлау учаскесінде болып, еліміз үшін маңызды таңдау жасадым. Ұстаз ретінде Конституцияның жаңа жобасымен талқылау кезеңінде толық танысып шықтым. Онда еліміздің білімге негізделген, прогрессивті қоғам ретінде дамуының басты бағыты айқын көрініс тапқан. Қоғамның басты байлығы-адам. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Олардың сапалы...
Өз таңдауымды жасадым
Бүгін азаматтық борышымды орындап, референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағы әрқайсымыздың дауысымызға байланысты. Сондықтан әр азамат белсенді болып, өз пікірін білдіруі маңызды.
Болашағымыз үшін бірге таңдау жасайық!
Бахтияр Жақсыгелдинов, қала тұрғыны
Бірлік бар жерде тірлік бар
Меруерт Байоразова, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Бүгін мен елімізде өтіп жатқан референдумға қатысып, өз дауысымды беріп шықтым. Яғни, азаматтық борышымды өтедім. Референдум – әр адамға беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Біздің дауысымыздың ел болашағына өз әсерін тигізетіні сөзсіз. Сайлау учаскесінде көптеген азаматтарды көріп,қуандым. Бұл біздің қоғамда азаматтық сана мен жауапкершіліктің арта түсуінің бір дәлелі деп түсінемін. Осындай маңызды сәтте халықтың бірлігі...
«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы бұл референдумның Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті, - деп, хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Елдің азаматы ретінде өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жаңа Конституциямыз бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, дауысымды бердім. Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, Қазақстанның болашағы...
Ата Заңдағы өзгеріс – заман талабы
Аида Асылбаева, Талдықорған қаласының тұрғыны:
- Бүгін менде ел қатарлы өз таңдауымды жасадым. Референдум-мемлекетіміздің болашағына үлкен әсерін тигізетін жауапты сәт. Халқымызды көптеген оң өзгерістер күтіп тұр деп ойлаймын. Оның барлығы Ата Заңымызда көрініс тапқан. Сондықтан да өз елінің тағдырына бейжай қарамайтын әр азамат лайықты таңдауын жасайтынына кәміл сенемін.
Талдықорған қаласында референдумға халықтың келуі белсенді
Талдықорған қаласында республикалық референдумға тұрғындардың келуі жоғары деңгейде өтуде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс беру учаскелеріне келген тұрғындар белсенді түрде өз таңдауларын жасап жатыр.
Көптеген тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ұлттық киіммен келіп, Наурыз мерекесінің қарсаңындағы ерекше атмосфераны сезіндіруде. Учаскелер ұлттық нақышта безендіріліп, кейбір жерлерде музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылған.
Бұл көрініс референдум күніне мерекелік реңк беріп, халықтың бірлігі мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін...





























