Болашақ – жастардың қолында

5

Жанар Бейсембаева, Талдықорған қаласының тұрғыны:

– Бүгін барша қазақстандықтар өздері үшін түпкілікті шешім қабылдап, референдумға қатысуда. Мен де отбасыммен бірге сайлау учаскесінде болып, еліміз үшін маңызды таңдау жасадым. Ұстаз ретінде Конституцияның жаңа жобасымен  талқылау кезеңінде толық танысып шықтым. Онда еліміздің білімге негізделген, прогрессивті қоғам ретінде дамуының басты бағыты айқын көрініс тапқан. Қоғамның басты байлығы-адам. Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында. Олардың сапалы білім алып, жан-жақты болуы заман талабы. Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға басымдық беріліп отыр. Бұл әрине білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етері сөзсіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз