Аталған жәшіктер тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру және олардың еліміздің болашағына қатысты ой-пікірлері мен ізгі тілектерін білдіруіне мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған. Дауыс беруге келген азаматтар арнайы парақтарға Қазақстанның дамуы, бірлігі, тұрақтылығы мен жарқын болашағына қатысты өз тілектерін жазып, жәшікке қалдыруда.
Бұл бастама тұрғындардың қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға бей-жай қарамай, ел келешегіне деген жауапкершілігін сезінетінін көрсетеді. Сонымен қатар, «Болашақ жәшігі» арқылы азаматтар ортақ құндылықтар мен ұлттық бірлікке қатысты өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік алуда.
Қаладағы референдум учаскелерінде дауыс беру процесі қалыпты режимде өтіп, тұрғындар белсенді түрде қатысуда. «Болашақ жәшігі» сияқты бастамалар қоғамдық шараның мазмұнын байытып, тұрғындардың белсенді қатысуына оң ықпал етуде.





























