Меруерт Байоразова, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Бүгін мен елімізде өтіп жатқан референдумға қатысып, өз дауысымды беріп шықтым. Яғни, азаматтық борышымды өтедім. Референдум – әр адамға беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Біздің дауысымыздың ел болашағына өз әсерін тигізетіні сөзсіз. Сайлау учаскесінде көптеген азаматтарды көріп,қуандым. Бұл біздің қоғамда азаматтық сана мен жауапкершіліктің арта түсуінің бір дәлелі деп түсінемін. Осындай маңызды сәтте халықтың бірлігі мен жауапкершілігі танылады.