Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл референдумда отбасымен дауыс берді

5

Бүгін республикалық референдум аясында облыс орталығы Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл №419 референдум учаскесіне отбасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасап дауыс берді.

Қала әкімі ел болашағына қатысты маңызды шешімдерде әр азаматтың белсенділігі ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Бүгінгі күн еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде. Біз де отбасымызбен келіп, азаматтық борышымызды орындадық», – деді қала әкімі.

Ернат Дүйсенбекұлының айтуынша, мұндай маңызды саяси науқандар қоғамның бірлігін нығайтып, елдің тұрақты дамуына өз үлесін қосады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз