Қазақстанның Халық әртісі Әлихан Идрышева референдумда дауыс берді

5

Бүгін №413 референдум учаскесінде Қазақстанға танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі Әлихан Идрышева өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Өнер иесі маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің болашағына қатысты шешімдерде халықтың пікірі айрықша маңызға ие.

«Еліміздің болашағы әрқайсымызға ортақ. Сондықтан мұндай маңызды күні бейжай қалмай, өз таңдауымды жасау үшін дауыс беруге келдім. Әр азамат ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытады деп сенемін», – деді актриса.

Халық әртісі сондай-ақ бірлік пен жауапкершілік қоғамның дамуына жол ашатынын айтып, барша қазақстандықтарды ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз