28.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 26 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 170

Қазақстан әлемдік үздік 500 университеттің қатарына енді және жаһандық рейтингте аймақтық көшбасшы атанды

Қазақстан жоғары білім беру саласында алғаш рет әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды: Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде бірден бес отандық жоғары оқу орны жаһандық тізімге енді. Ең басты жетістік – Назарбаев университетінің 401-500 диапазонына кіруі, бұл – қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтер тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан аймақтағы көшбасшылығын нығайтты 2025 жылғы нәтижелер бойынша Қазақстан Орталық Азия мен...

Жетісу облысында жержаңғақ өсіріле бастады

Жетісу облысында алғаш рет жержаңғақ өсіріле бастады. Биыл Ақсу ауданының шаруалары бұршақ тұқымдас дақылдармен қатар жержаңғақ егуді қолға алды. Мұндай дақылдар құрғақшылыққа төзімді келеді. Ауыл шаруашылығы мамандырының айтуынша, өнімділігі жоғары әрі пайдалы жержаңғақ Жетісудың жаңа брендіне айналуы әбден мүмкін, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Жаңғақ немесе жержаңғақ – өңірімізге сұранысқа ие, дастарқанның көркін келтіретін пайдалы өнім....

Жасөспірімдер құқығы – мемлекет назарында

Жас ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу — білім беру мекемелерінің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта №27 орта мектеп- гимназиясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бағытындағы 2025–2027 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспардың орындалуын бақылау мақсатында мониторингтік тексеріс жүргізілді. Тексеріс жұмыстары аталмыш жоспардың жүзеге асырылуын бақылайтын азаматтық қоғам мүшелерінен құрылған...

Келесі жылдан бастап шаруалармен су беру бойынша келісімшарттар электронды форматта рәсімделеді

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап суармалы су беру бойынша «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы келісімшарттар тек онлайн форматта жасалады. Бұл шара судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандыруға арналған арнайы биллинг жүйесін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін «Қазсушар» РМК...

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күзгі тазалық жұмыстары жалғасуда

Облыс орталығы Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан күзгі тазалық жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Атап айтқанда, санитарлық мақсатта ағаштарды кесу, арық желілерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жол жиектерімен қатар саябақтар, скверлер мен аялдамалар да ретке келтіріліп, күл-қоқыстан тазартылуда. Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов: – Тазалық әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Біз барлығымыз бірлесе әрекет етсек, қаламызды таза әрі көрікті ете...

Талдықорғанда «Үш ата» және Қабанбай батыр ескерткіштері абаттандырылуда

Қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында Талдықорған орталығында орналасқан «Үш ата» (Ескелді би, Балпық би, Қаблиса жырау) және Қабанбай батыр ескерткіштері аумағында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар аясында ескерткіштердің айналасы ретке келтіріліп, жарықтандыру жүйесі жаңартылып, көгалдандыру мен демалыс аймақтарын жаңарту жоспарлануда. Сонымен қатар, абаттандыру кезінде ескерткіш маңындағы гранит тастар толықтай ауыстырылып, жаңартылмақ. Еске сала кетейік, «Үш...

Талдықорғанда Жетісу облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Талдықорған қаласында Жетісу облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастауымен 2025 жылдың 18 қазанында Талдықорған қаласында облыс тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлайды. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер ретінде қатысуға ниет білдірушілер, келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7282) 60-00-47, 8 701 701 01 81. 📍 Өтетін орны және сағаты: Талдықорған қаласы, Қонаев...

Чек талап ет – құқығыңды қорға!

Құрметті азаматтар! Егер сатушы фискалдық чек бермесе, картамен төлем қабылдамаса немесе өзге де бұзушылықтар орын алса, сіз "Amian" мобильді қосымшасы арқылы шағым бере аласыз. Ол үшін бизнес QR-кодын (салық төлеуші паспорты) сканерлеңіз немесе мәліметтерді қолмен толтырыңыз. Сіздің өтінішіңіз Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жолданып, қаралады. Әр сатып алуға чек талап етіңіз – бұл сіздің құқығыңыз! Чек бермеді ме? Бұзушылық туралы "Amian" қосымшасы арқылы хабарлаңыз! Сатушының QR-кодын сканерлеңіз...

Талдықорғанның дамуы: Бейбіт Исабаев қаладағы құрылыс нысандарын аралады

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласындағы бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, қала әкімі мен мердігер ұйымдарға бірқатар тапсырмалар берді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Ең алдымен облыс әкімі 2006 жылы орнатылған қазақтың үш тұлғасы – Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырауға арналған «Үш ата» монументін және...

Жетісулықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті. Ең көп сұраныс жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеу, электрондық цифрлық қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында облыста 77 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілген. Сондай-ақ, 62 мыңнан астам көлік тіркеліп, тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңбаны 49 мыңнан астам...