Талдықорғанда «Үш ата» және Қабанбай батыр ескерткіштері абаттандырылуда

73
Қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында Талдықорған орталығында орналасқан «Үш ата» (Ескелді би, Балпық би, Қаблиса жырау) және Қабанбай батыр ескерткіштері аумағында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар аясында ескерткіштердің айналасы ретке келтіріліп, жарықтандыру жүйесі жаңартылып, көгалдандыру мен демалыс аймақтарын жаңарту жоспарлануда. Сонымен қатар, абаттандыру кезінде ескерткіш маңындағы гранит тастар толықтай ауыстырылып, жаңартылмақ. Еске сала кетейік, «Үш ата» ескерткіші 2006 жылы ел бірлігін бекемдеп, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте елдің азаттығы үшін еңбек сіңірген үш тарихи тұлға Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырауға арналып орнатылған. Ал Қабанбай батыр ескерткіші қазақтың даңқты қолбасшысының құрметіне 2010 жылы бой көтерген еді. Айта кетейік, қазіргі таңда қала аумағында есімдері ел жадында мәңгі қалатын 15 тарихи тұлғаның еңселі ескерткіштері бар.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз