Облыс орталығы Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан күзгі тазалық жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Атап айтқанда, санитарлық мақсатта ағаштарды кесу, арық желілерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жол жиектерімен қатар саябақтар, скверлер мен аялдамалар да ретке келтіріліп, күл-қоқыстан тазартылуда. Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов:
– Тазалық әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Біз барлығымыз бірлесе әрекет етсек, қаламызды таза әрі көрікті ете аламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар бір реттік шара емес, жүйелі түрде жүргізілуде. Алдағы уақытта да сенбіліктер мен экологиялық акциялар кең ауқымда ұйымдастырылып, әрбір азаматтың белсенді қатысуына жағдай жасалады, – деді ол. Айта кетейік, бүгінде қала аумағында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары басталып кетті. Жалпы республикалық сенбілік аясында 500 түп жапырақты және қылқан жапырақты ағаш көшетін отырғызу жоспарлануда.
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары





























