10.8 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 18 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 166

Талдықорғанда 7 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады

Облыс орталығы Талдықорған қаласында 7 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады. Айта кетейік, ең алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға беріледі. Айта кетейік, қала бойынша жылу жүйесімен 750 көпқабатты тұрғын үй, 1 285 жеке тұрғын үй, 210 бюджеттік ұйым және 1 322 коммерциялық нысан қамтылады. Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Жылу беру жұмыстарына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жылу батареяларын мұқият...

Өңірлердегі тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету акциясы жүргізілуде

15 тамыздан бастап тұрғын үй секторында өрттің алдын алуға және халықтың білім деңгейін арттыруға бағытталған өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілуде. Өңірлерде тұрғын секторда өрттердің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Рейдтер барысында ТЖД қызметкерлері профилактикалық әңгімелер жүргізіп, нұсқаулықтар өткізіп, жылыту жүйелерін, электр құралдарын, газ...

«Жыл волонтеры» халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталды

2025 жылғы 6–15 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында «Жыл волонтеры» халықаралық сыйлығының алғашқы кезеңі – онлайн-дауыс беру өтеді. Техникалық іріктеу қорытындысы бойынша байқауға 174 үміткер қатысып жатыр. Аталған сыйлық Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалып, волонтер мәдениетін дамытуға, азаматтық жауапкершілік алып, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан волонтерлерді ынталандыру және қолдауға бағытталған. Бес жыл ішінде Премияны Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан...

Ерлікке тағзым — ұрпаққа өнеге

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы шекарашы ардагерлерімен бірге Үшарал қаласының орталық алаңында сап түзеп, соғыс және қызмет жолында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі елге деген адалдық пен патриоттық сезімнің айғағына айналды. Осы бір сәтте өткен күннің ерліктері мен бүгінгі бейбіт өмірдің байланысы айқын...

Ардагер шекарашы естелігімен бөлісті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына арналған шарада Үшарал шекара жасағының бұрынғы командирі, ардагер шекарашы генерал-майор Құсайын Беркалиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен естеліктерімен бөлісті. Қиын кезеңдерде әскери бөлімді қалай басқарғанын әңгімеледі. Сондай-ақ ол қазіргі шекарашылардың жауапты қызметіне табыс тілеп, Отанға адалдық пен рух берік болсын деген ізгі лебізін білдірді. ҚР...

Мерейтойға арналған техника көрмесі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдығына арналған шарада шекарашылардың жауынгерлік қызметінде қолданылатын әскери техника көрмесі ұйымдастырылды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

60 жылдыққа арналған уақыт капсуласы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына арналған шарада уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл – қазіргі шекарашылардың болашақ ұрпаққа арнаған аманаты. Капсулаға ел тыныштығы мен Отан тұтастығын қорғауға үндеген хаттар салынды. Рәсім ұрпақтар сабақтастығы мен шекарашы рухының мәңгілігін айқындады. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

60 жылдыққа арналған мұражай көрмесі

Үшарал қаласының мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойлық шарасы мұражайда жалғасты. Қонақтар мен ардагерлер Жауынгерлік даңқ мұражайын аралап, шекара басқармасының тарихымен танысты. Экспозицияда Алакөл шекара жасағының қалыптасу кезеңдері, командирлердің өмір жолы және Жалаңашкөл мен Сарыбөктердегі тарихи оқиғалар қамтылды. Жәдігерлер мен фотосуреттер ерлік пен тарихтың айғағындай әсер қалдырды. ҚР ҰҚК Шекара...

Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдығы аталып өтті

Үшарал қаласының мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Шарада шекара тарихына арналған бейнефильм көрсетіліп, ерлік пен адалдыққа толы сәттер еске алынды. Құттықтау сөз сөйлеген ардагер шекарашылар генерал-майорлар Қ.Беркалиев, М.Сабидолданов, сондай-ақ департамент бастығы полковник М.Нарбаев пен басқа да қонақтар шекарашылардың ел қауіпсіздігін қорғаудағы еңбегін...