Үшарал қаласының мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті.
Шарада шекара тарихына арналған бейнефильм көрсетіліп, ерлік пен адалдыққа толы сәттер еске алынды. Құттықтау сөз сөйлеген ардагер шекарашылар генерал-майорлар Қ.Беркалиев, М.Сабидолданов, сондай-ақ департамент бастығы полковник М.Нарбаев пен басқа да қонақтар шекарашылардың ел қауіпсіздігін қорғаудағы еңбегін жоғары бағалады.
Марапаттау рәсімінде үздік офицерлер мен сержанттарға Алғыс хаттар мен медальдар табысталды. Мерекелік концерт патриоттық әндер мен би көріністерімен өріліп, «Қазақстан» әнін бәрі бірге орындап, шара жоғары рухта аяқталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























