Үшарал қаласының мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойлық шарасы мұражайда жалғасты.
Қонақтар мен ардагерлер Жауынгерлік даңқ мұражайын аралап, шекара басқармасының тарихымен танысты. Экспозицияда Алакөл шекара жасағының қалыптасу кезеңдері, командирлердің өмір жолы және Жалаңашкөл мен
Сарыбөктердегі тарихи оқиғалар қамтылды.
Жәдігерлер мен фотосуреттер ерлік пен тарихтың айғағындай әсер қалдырды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























